$ 464.02  536.18  5.54

Қостанай облысында Тобыл өзенінде әкесі мен қызы суға батып кетті

Тобыл өзенінде ер адам мен оның кәмелетке толмаған қызы суға батып қаза тапты.

фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Қостанай облысында отбасылық демалыс қайғылы жағдаймен аяқталды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Тобыл өзенінде ер адам мен оның кәмелетке толмаған қызы суға батып қаза тапты.

Оқиға 13 тамызда Қостанай ауданындағы Нечаевка ауылының маңында болған. Өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, ер адам бес баласымен бірге өзен жағасына барып, шомылуға арналмаған аумақта суға түскен.

Шомылу кезінде екі қыздың суға бата бастағаны анықталған. Олардың біреуі өздігінен жағаға шығып үлгерген. Ал екінші қыз судан шыға алмай қалған.

Қызын құтқармақ болған әкесі жүзе алмағанына қарамастан, суға түскен. Алайда қатты ағыс салдарынан екеуі де суға батып кеткен.

Ағыс әкесі мен қыздың денесін алып кеткен. Құтқарушылар баланың денесін 13 тамыз күні кешкі уақытта тапса, ер адамның денесі келесі күні табылған.

Төтенше жағдай суға түсу кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтаудың маңызын тағы бір мәрте көрсетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0