ЖСДП-ның бағдарламасы адалдықты ту етіп отыр
14 тамыздағы «Сайлау Talks» дебаты: ЖСДП мен ҚХП арасындағы пікірталастың тартысты болғаны сонша, әлеуметтік желіде жұрт жарыссөзді жаппай талқылай бастады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Осыған дейін де болған сайлау алдындағы пікірталастарда саясаткерлер өз партияларының бағдарламасынан бөлек, шын мәніндегі елдің саяси болмысын аңғартатын сәттер болғанын байқау қиын емес. Ал 14 тамыздағы Жалпыұлттық социал-демократиялық партия мен Қазақстан Халық партиясы арасындағы «Сайлау Talks» алаңында болған пікірталасында біршама өткір ойлар айтылғаны анық.
Бір қарағанда, тартыс бір-біріне қарсы айтылған өткір сөздерден, саяси әзілдерден және қарсыластың әлсіз тұсын іздеуден тұрды. Бірақ пікірталастың ең көп резонанс тудырған эпизоды — Асхат Рахымжановтың кезінде қырыққабат тұздап, өз еңбегімен күн көргені туралы айтылған сөзі — саяси тартыстың бағытын мүлде басқа арнаға бұрып әкетті.
Өйткені мұндағы басты мәселе қырыққабатта емес.
Мәселе — еңбекке деген, адалдық пен қарапайымдылыққа деген көзқараста болды.
ЖСДП төрағасы Асхат Рахымжанов бұған дейінгі өмірін ешқашан жасырған емес. Ол депутат болғанға дейінгі өзінің қарапайым өмірі мен саясаттағы өмірін үнемі айтып жүреді. Тіпті оның қарапайып шаруалармен айналысқанын кезінде депутат болып қатар жүрген әріптестері түгел білді десе де болады. ЖСДП Парламент қабырғасына келгенге дейінгі оппозициялық ұстаныммен өмір сүргені де шын. Және Парламенттегі негізгі опозициялық күш болғаны да жасырын емес. Мәжіліс қабырғасына келгенге дейін болған қиын жылдары партия белсенділерінің көпшілігі саяси қызметін материалдық пайда үшін емес, азаматтық ұстанымы үшін жалғастырды. Рахымжанов та саясатпен айналысуды еш тоқтатпай отбасын, ата-анасын өзінің қарапайым еңбегімен тапқан табысы негізінде асырады.
Ол ештеңені ешқайдан ұрлаған жоқ. Ол жасырын байлық жинаған жоқ.
Ол партияның кассасын үптеген жоқ, ол еңбек етті, қырыққабат тұздады.
Ал осы қарапайым қоңыр тірлікті саяси алаңға алып келіп кемсітушілікке әкелу нағыз саяси сауатсыздық болды. ҚХП төрағасы Нұрсұлтан Шоқановтың бұл әрекеті көптің көңілін күпті қылып отыр. Бір сөзбен айтқанда аңдамай сөйлеп ауызынан сөзі, мойынынынан бөзі түсті.
Әлеуметтік желілердегі жұрттың жазбасына қарасақ «Рахымжанов қырыққабат тұздаған екен» дегеннен гөрі, «Адал еңбек қашаннан бері мазаққа айналатын болған?» деген сұрақ қоюшылардың саны басым.
Міне, пікірталастың шынайы саяси түйіні осында жатыр. Өйткені Қазақстанда өз еңбегімен өмір сүріп отырған миллиондаған адам бар. Мұғалім, дәрігер, жүргізуші, құрылысшы, сатушы, фермер, жұмысшы, шағын кәсіпкер — олардың әрқайсысы күн сайын өзінің адал еңбегімен отбасын асырап отыр.
Сондықтан саясаткердің қарапайым еңбекке деген көзқарасы — ұсақ деталь емес. Бұл оның адамға деген, қарапайым жұмысшыға деген көзқарасын анық көрсетті.
ЖСДП-ның бағдарламасы адалдықты ту етіп отыр
Партияның «Прогресс жолындағы 20 белес» бағдарламасында мемлекеттің әлеуметтік жауапкершілігі, экономикалық тиімділік және технологиялық даму қатар негіз болып алынған. ЖСДП монополияға, олигархиялық ықпалға және саяси лоббишілдікке қарсы екенін ашық мәлімдейді. Партия ұлттық байлық халық игілігіне қызмет етуі, билік халық алдында есеп беруі және барлық азамат заң алдында тең болуы тиіс деп санайды.
Бұл жай ғана сайлау алдындағы әдемі сөздер жиынтығы емес. Бағдарламада монополияларды шектеу, адал бәсекені қорғау, аса жоғары табыстарға прогрессивті салық енгізу, өңірлер мен әлеуметтік инфрақұрылым алдындағы бизнестің жауапкершілігін күшейту сынды нақты бағыттарды көтереді.
Сондықтан 14 тамыздағы тартысқа ЖСДП тұрғысынан қарасақ, мәселе ҚХП төрағасының саяси саяз көзқарасынан әлдеқайда кең көлемде деуге болады.
Бұл — халықтың және социал-демократиялық саясаттың табиғатына жақын мәселе.
ЖСДП үшін адам мемлекеттің экономикалық көрсеткіші емес. Адам — мемлекеттің мақсаты.
Мұны партия өкілдерінің бұған дейінгі теледебаттардағы сөздерінен де байқауға болады. Ұлттық теледебатта ЖСДП адами капиталдың маңызын атап қана қоймай, дәрігер, құрылысшы, көше сыпырушы сияқты қарапайым қызметкердің де қоғам үшін қажет екенін айтты. Партия өкілі тең мүмкіндіктер мәселесін көтерді. Демек, «қырыққабат» эпизоды ЖСДП-ның саяси ұстанымымен күтпеген жерден түйісіп отыр.
Өйткені еңбек адамын қорғау — социал-демократиялық саясаттың ең негізгі ұстанымдарының бірі.
Бұл ұстаным ҚХП-мен пікірталастағы айырмашылықты да айқындай түседі.
Сайлау науқаны кезінде әлеуметтік мәселелерді көтеру жеткіліксіз. «Халық үшін» деген сөздің артында нақты саяси механизм болуы керек. ҚХП төрағасы жалақыны көтеру туралы айтты. Айтуға болады. Әлеуметтік жеңілдіктерді көбейту туралы да айтуға болады. Бірақ мәселенің түбірі — экономикалық жүйенің өзі кімге жұмыс істейтінінде жатыр.
ЖСДП-ның жауабы анық: экономика халыққа жұмыс істеуі керек.
Сондықтан 14 тамыздағы пікірталастың ең есте қаларлық тұсы қырыққабат туралы болғанымен, оның саяси салмағы әлдеқайда үлкен.
«Прогресс жолындағы 20 белес» — экономикалық, әлеуметтік және саяси әділеттілікті орнықтырып, халықтың әл-ауқатын арттыруға, адал бәсекені қорғауға және мемлекетті азамат мүддесіне қызмет ететін әділетті қоғамға айналдыруға бағытталған ЖСДП-ның сайлауалды бағдарламасы.
Тапсырыс беруші: ЖСДП төрағасы А. Н. Рахимжанов. «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің сайлау қоры қаражаты есебінен төленді.