Өнер иесі ұлдарының видеосын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Актер Олжас Абайдың бұрынғы әйелі Аймира Аман көпшілікке ұлдарын көрсетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі ұлдарының видеосын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
«Бұл екі жігітке де көңіл бөлу керек. Сұлулықты, әдемі күлгенді жақсы көреді. Шаш үлгілерінің қандай болу керектігін де өздері таңдайды. Оңай жігіттер емес енді, ойбой-ой! Жарық дүниелерім», – деп жазды ол.
Желі қолданушылары балаларға жылы лебіздерін білдіріп, түрлі пікір қалдырды.
«Әкелеріне ұқсаған екен», «Екеуін қалай қиды?», «Үлкені әкесіне, кішкентайы анасына ұқсайды», «Егіздер сияқты тәтті балалар екен», «Бақытты болсын», «Түрі ұқсаса да мінезі ұқсамасын, – деп жазды көпшілік