$ 443.96 € 487.73 ₽ 5.38

«Сәбиіміздің жүрегі тоқтап қалды»: Жахан Отарғалиевтің әйелі ауыр хабарды жеткізді

Ол сәбиінің жүрегі тоқтап қалғанын айтты. 

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Жахан Отарғалиевтің әйелі Сейіт Ақтолқын отбасындағы жағдай туралы жазба жариялады, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы. 

Ол сәбиінің жүрегі тоқтап қалғанын айтты. 

"Көбі Жахан жариялаған видеоны соңына дейін қарамай құттықтауды бастап кетіпті. Өкінішке қарай бәрі біз ойлағандай болмады. Сәбиіміздің жүрегі тоқтап қалды. Бірақ барлығы Алланың қалауымен. Бұйырса әлі талай армандарымызға жетеміз, Алладан үмітіміз үзілмесін", деп жазды ол. 

Айта кетейік, Жахан Отарғалиев желідегі парақшасында отбасындағы жаңалықты бөліскен еді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0