$ 443.96 € 487.73 ₽ 5.38

Қар, көктайғақ: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа температурасының күрт өзгеруі күтілмейді.

Фото: istockphoto.com
Фото: istockphoto.com

Алдағы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігіне солтүстік-батыс циклонының терең жырасы әсер етеді. Алдымен оның ықпалы батыс өңірлерде байқалып, кейін тұрақсыз ауа райы солтүстік-батыс пен елдің солтүстік аймақтарына таралады. Тек республиканың шығысында жауын-шашынсыз ауа райы басым болады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі, ал солтүстік өңірлерде көктайғақ құбылыстары болжанады. Республика бойынша жел күшейеді, түнгі және таңғы сағаттарда кей жерлерде тұман байқалады.

Елдің батысында ауа температурасы түнде −2…+5 °C-тан +1…+10 °C-қа дейін, күндіз +2…+10 °C-тан +5…+10 °C-қа дейін жоғарылайды.

Солтүстік-батыс, солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде түнгі уақытта ауа температурасы −3…−13 °C аралығындағы теріс мәндерде сақталады. Күндіз ауа температурасы 0…+5 °C-тан +5…+10 °C-қа дейін жоғарылайды.

Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа температурасының күрт өзгеруі күтілмейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0