$ 486.47  554.77  6.26

«Өмір бойы өз адамымды іздедім»: Жігер Ауыпбаевтың жазбасы көптің ашуына тиді (ФОТО)

 Өнер иесі сөз салған суреттерін жүктеп, астына жазба қалдырған.

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Танымал әнші Жігер Ауыпбаев күні кеше өзінен 15 жас кіші қызға үйленді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

 Өнер иесі сөз салған суреттерін жүктеп, астына жазба қалдырған.

 "Көп адам өмір бойы өз адамын іздейді…
Мен іздегенімді таптым.
Бүгін жүрегімдегі ең маңызды сұрақты қойдым.
Ол — «Иә» деді", - деп жазды ол.

Алайда желі қолданушылары 4 баланы дүниеге әкелген бірінші әйелін тастап, осылай жазғанына ашуланды.

"Өмір бойы өз адамыңды іздесең неге 4 бала туғыздың бірінші әйеліңе?", "Бірінші әйеліңді де сүйемін, күйемін деп алдың ғой", "Өз адамың жас қыз ба екен?", "Бұл неге бұндай болды?", "Бірінші әйеліне жүрегім ауырады", "Біреудің өмірін құртып барып таптың ғой", "Жиіркеніштісің", - деп жазды оқырмандар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 3
Күлкілі 0
Ашулы 1