Өнер иесі бұл туралы желідегі парақшасында жариялады.
Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова оқыс жағдайға тап болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі бұл туралы желідегі парақшасында жариялады.
Оның үйін су басып, жедел түрде Алматы қаласына жолға шыққан.
"Таразда жүрсем Алматыдағы жап-жаңа үйімді су басыпты. Сабыр етіп отырмын. Бүкіл жиһаз су болған", - деді әнші.
Оқырмандар қолдау білдіріп, барлығының оңалуын тіледі.
"Көз тиген ғой", Алла жеңілдік берсін", "Алла сақтасын", "Бәрі жақсы болады", - деп жазды желі қолданушылары.