$ 486.47  554.77  6.26

«Алла маған осы сынақты жіберді»: Азамат Сатыбалдының жұбайы неге бір баладан артық тумағанын ашып айтты (ВИДЕО)

Ұлымыз өсіп келе жатыр, оған шүкіршілік дейміз.

Актриса, продюсер, режиссер, Дарын мемлекеттік сыйлығының және “Тарлан” сыйлығының лауреаты, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актрисасы Назгүл Қарабалина жеке өміріне қатысты сырды ашып айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Маған неге бір баладан артық тумадың деп сұрақ қоятындарды қандай адам деп айтсам екен, оны надандық дейміз бе, білімсіздік дейміз бе, одан жоғарылатып айту қиын сияқты. Құдай солай берді, оған қарсы келе аламыз ба? Ұлымыз өсіп келе жатыр, оған шүкіршілік дейміз. Маған жақын адамдар жеке сұрақ қоймайды, бірақ алыстау адамдар мен туралы бәрін білгісі келеді», деді ол.

Сонымен қатар Назгүл Қарабалина бірінші күйеуіне өзі ғашық болғанын да ашып айтты.

"Шыны керек, академияда оқып жүргенде Азамат мені онша ұнатқан емес. Азаматқа алғаш ғашық болған мен болатынмын. Жасыратын ештеңесі жоқ. Азаматтың маған көңілі ауса екен, көрсе екен, байқаса екен деген сәттер болды. Тіпті оған альбом арнадым. Азамат ол кезде басқа қызды ұнатып жүретін. Мен альбомыма "О, Алла Тағала! Егер де Азамат маған назар аударса, біз екеуіміз үйленсек, оның зейнеткер ата-анасына қарайтын едім. Оның көпбалалы жанұядан екенін білемін. Оны сен де білесің. Тоғыз ағайынымен жақсы қарым-қатынаста боламын. Маған тек қана екеуіміздің қосылуымызды нәсіп етші" деп жазатынмын. Соны бір күні Азамат оқып қойыпты. Содан кейін ойланған болу керек. Ондай адам керек қой. Ол тек есеппен үйленді. Менің сезімім шынайы болды. Басында есеппен үйленді, қазір енді жақсы көреді.

Азаматтың сезімінен ең қымбаты менің атамның мені жақсы көргені. Қайын атам былтыр 90 жасқа келіп, өмірден өтті. Пешенеме сондай адамға келін болуды жазғанына шүкіршілігімді айтамын. Ол абыз адам еді. Азаматтың сүйіспеншілігінен де қымбаты - атамның, қазір қолымда отырған енемнің сүйіспеншілігі", - деді Назгүл Қарабалина.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0