$ 444.16 € 487.29 ₽ 5.4

Теннисші Жібек Құламбаева Чилидегі турнирдің жартылай финалына шықты

Отандасымыз Словения өкілі Вероника Эрьявецпен бірге жұптасып өнер көрсетуде. 

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Колинада (Чили) өтіп жатқан WTA 125 турнирінің ширек финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Отандасымыз Словения өкілі Вероника Эрьявецпен бірге жұптасып өнер көрсетуде.

Қазақстандық-словениялық жұп ширек финалда түркиялық Ипек Оз бен грекиялық Деспина Папамихаилды 6:0, 6:2 есебімен жеңді.

Осылайша, олар турнирдің жартылай финалына жолдама алды.

Айта кетейік, бұған дейін Жібек Құламбаева Вероника Эрьявецпен бірге Колумбияда өткен турнирде топ жарған болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Тегтер:

#теннис