$ 444.16 € 487.29 ₽ 5.4

Қазақстандық балуандар Таиландта 2 алтын медаль жеңіп алды

Қазіргі таңда Таиландтың Сирача қаласында күрес түрлерінен халықаралық жарыс өтіп жатыр.

Фото: olympic.kz
Фото: olympic.kz

Қазақстандық грек-рим күресінің балуандары Таиландтағы халықаралық турнирде қарсыластарына мүмкіндік бермей, екі алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Қазіргі таңда Таиландтың Сирача қаласында күрес түрлерінен халықаралық жарыс өтіп жатыр. Бозкілемге алғашқылардың бірі болып грек-рим күресінің өкілдері шықты.

Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын медальдарды Еркебұлан Анапия мен Данияр Қанағатбек салды. 82 келіге дейінгі салмақта белдескен Еркебұлан Анапия және 72 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Данияр Қанағатбек қарсыласынан басым түсіп, турнир жеңімпазы атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0