$ 446.56  512.34  5.3

Геннадий Головкин Азиадада алтын еншілеген велоспортшыларды құттықтады (ВИДЕО)

Ел намысын қорғап жүрген ұлттық құрама алдағы уақытта тағы екі маңызды сында бақ сынайды.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин Аичи-Нагояда өтіп жатқан Азия ойындарының алғашқы күнінде тасжолдағы велоспорттан топ жарған ұлттық құрама спортшыларын құттықтады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

ҰОК басшысы әйелдер арасындағы жекелей жарыста мерейі үстем болған Рината Сұлтановаға және ерлер арасындағы сында топ жарған тәжірибелі спортшы Алексей Луценкоға сәттілік пен жаңа жеңістер тіледі.

Айта кетейік, бұл – Алексей Луценконың Азия ойындарындағы еншілеген бесінші алтын медалі. Ел намысын қорғап жүрген ұлттық құрама алдағы уақытта тағы екі маңызды сында бақ сынайды.

Спортшылар әйелдер мен ерлер арасындағы топтық сайыстарда жүлде үшін таласады.

 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0