$ 441.77 € 502.38 ₽ 5.23

«Ұятсыз деді»: Головкин мен спорт журналисі арасында дау туындады

"Амандасып жатсам, “бесстыйжый” дейді".

Фото: kazhenov.aslan
Фото: kazhenov.aslan

Белгілі спорт журналист Аслан Қаженов әлемгі әйгілі спортшы Геннадий Головкинді қатаң сынға алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында айтты

”Геннадий Головкин туралы бір негатив жазбадым. Керісінше, құрметім ерекше болатын. Бүгін нөлге түсті. Бокс сессиясынан кейін амандасып жатсам, “бесстыйжый” дейді. Даңқты чемпион шығарсың. Бірақ, адам болып қалу керек. Біз бұнда жүрген қаямбас емеспіз. Бір елдің атынан келген соң, сол елдің мүддесі үшін күйіп-пісіп, сол елдің спортшылармен бірге қуанып, бірге мұңайып жүрген бір қазақтың баласымын. Бізде де намыс бар. Бізде де арын бар. Шындықты айттым. Шындықты айтамын. Көтіңе кірмеймін. Саған мен туралы кім не дегенін білмеймін. Өсек-аяңға ере бермей, нақты жұмыспен айналыс! Викторияның жеңісін қайтар! Ясминаның алтынын қайтар! Басқа да жұмыс жетеді. Өз еліңнен келген қаракөздерге сөзбен атылып, олай мұқата берме! Нақты іспен айналыс”, — деп жазды журналист.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0