$ 441.77 € 502.38 ₽ 5.23

Мьянмада әуе шабуылынан 49 адам қаза тапты

Тағы 58 адам жараланды.

Фото: AFP/Scanpix/LETA
Фото: AFP/Scanpix/LETA

Мьянмада көтерілісшілер тобы базар маңына әуе шабуылын жасап, 49 адам қаза тапты. Тағы 58 адам жараланды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Топ өкілдері мен құтқару қызметінің мәліметінше, әскери күштер аталған аумаққа екі бомба тастаған.

Мьянма армиясы әзірге шабуылға қатысты түсініктеме берген жоқ. Бұған дейін әскери билік соққылардың әскери нысандарға бағытталғанын мәлімдеген.

Бұған дейін Йеменнің оңтүстік-батысындағы Таиз қаласының Зу-Баб ауданындағы базарда жарылыс болды. Йемен үкіметіне жақын БАҚ-тар соққыны Иран қолдайтын хуситтер жасағанын хабарлады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Тегтер:

#әуе шабуылы