$ 441.88 € 503.61 ₽ 5.24

«Іште от жанып тұр»: Нұрлан имам Маңғыстауда қаза болған сарбаздың отбасына барды

Имам Мұнайлы ауданына қарасты Бесшоқы ауылында марқұмның туған-туыстарымен кездесіп, отбасы мүшелеріне басу айтты.

Фото: әлеуметтік желі
Фото: әлеуметтік желі

Маңғыстау облысындағы қайғылы оқиғадан қаза тапқан әскери қызметшінің отбасына Нұрлан имам арнайы барып, көңіл айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Имам Мұнайлы ауданына қарасты Бесшоқы ауылында марқұмның туған-туыстарымен кездесіп, отбасы мүшелеріне басу айтты.

«Бұның сыйлығын Құдай өзі береді сізге. Үш нәрсе таразыға қойылмайды. Ораза, сабыр, қарапайымдылық. Түсініп тұрмын іште от жанып тұр. Бәріміз адамбыз. Бұл қалай болды деген сұрақ қалды. Жауабы Аллада, басқа ешкім білмейді. Пайғамбарымыз "егер" деген сөзді айтпашы дейді. Болатын нәрсе сандыққа салып қойсаң да болатын еді. Құдай берді қуаныңыз, енді алды алданыңыз. Жақсы адам дүниеге келгенде қуанады, дүниеден кеткенде ел қайғырады. Құдайға жаққан бала екен осы жасында елді, қазақты, игі жақсының бәрін балаңыз алдына жықты. Әруағы пейіште шалқысын», – деді имам.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0