Сержан спортта да жетістіктерімен танылған.
Сержан Аяпберген Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу барысында қаза тапқан. Оның әскери қызметін аяқтап, үйіне оралуына санаулы күн ғана қалған еді. Алайда сарбаз отбасына қайғылы хабармен оралды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Сержан спортта да жетістіктерімен танылған. Ол самбодан Қазақстан чемпионатының жүлдегері атанып, ТМД студенттері арасындағы жарыстарда жүлделі орындарға ие болған. Сонымен қатар дзюдодан республикалық және халықаралық турнирлерге қатысқан.