Әр жылдары Ақтау қаласы әкімдігінде және мемлекеттік органдарда жұмыс істеген.
Маңғыстау облысының әкімдігінде кадрлық өзгерістер орын алды. Ербол Избергенов облыс әкімінің бірінші орынбасары, ал Бекбол Орынбасаров әкімнің орынбасары қызметіне тағайындалды. Екі кандидатура да Президент Әкімшілігімен келісілген, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ербол Избергенов бұған дейін облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Ол бұған дейін де Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары болған. Ал 2020–2023 жылдары облыс әкімінің орынбасары, кейін Ақтау қаласының әкімі қызметінде еңбек етті.
Бекбол Орынбасаров 2023–2026 жылдары Сенат депутаты болды. Бұған дейін Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары және бірінші орынбасары қызметтерін атқарған. Сондай-ақ «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағын басқарды. Әр жылдары Ақтау қаласы әкімдігінде және мемлекеттік органдарда жұмыс істеген.