$ 464.02  536.18  5.54

«Қазанбас», «мәмбет»: Бейбіт Әлібековтың әкесінің жазбалары жұрттың ашуын туғызды

Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

 

Қазақстандық кәсіпкер әрі Respublica партиясының тең төрағасы Бейбіт Әлібековтың әкесі Бақыт Әлібековтың әлеуметтік желідегі жазбалары қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Желіде тараған скриншоттарда ол қазақтарды кемсітетін «қазанбас», «мәмбет» секілді сөздерді қолданып, 9 мамыр мерекесіне қарсы пікір айтқандарды ауыр сөздермен сынағаны көрінеді. Сондай-ақ тағы бір жазбасында Ресей мен Владимир Путинге алғыс айтып, 2022 жылғы ақпандағы оқиғаларға қатысты даулы пікір білдірген. Осыдан кейін желі қолданушылары мұндай көзқарастың қоғамды бөлуі мүмкін екенін айтып, жазбаларға наразылық білдіре бастады. Бейбіт Әлібеков болса әкесінің көзқарасын қолдамайтынын, ата-ананы таңдамайтынын және тек өзінің сөзі мен ісіне жауап беретінін мәлімдеген. Бұл жағдай белгілі кәсіпкердің ғана емес, саяси партия тең төрағасының жақын туысына қатысты болғандықтан, әлеуметтік желіде оның Бейбіт Әлібековтың беделіне әсері бар ма деген пікірталас та туындады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0