Қазір қажетті сараптамалар жүргізіліп жатыр.
Экс-депутат Бақытжан Базарбек жол апатына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Жол-көлік оқиғасына қатысты түрлі болжамдарға жауап берген азамат тергеу құпиясына байланысты оқиғаның мән-жайын жариялай алмайтынын айтты. Оның сөзінше, өзі және жұбайы сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етпеу туралы қолхат берген.
Қазір қажетті сараптамалар жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ зардап шеккен азаматтың жағдайына алаңдап, жақындарына қолдау көрсетіп жатқанын айтып, дәрігерлер мен денсаулық сақтау саласының мамандарына алғыс білдірді.