$ 463.41  546.27  6.18

Теміртауда әйел адам жалаңаш күйде көшеде серуендеп жүрген (ВИДЕО)

Материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Теміртау көшелерінде әйел адам жалаңаш күйде серуендер жүргені анықталды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желіде қала көшесінде жалаңаш жүрген қыздың фото және видеолары жарияланған.

Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 8 мамыр күні Теміртау қаласының полициясына Республика даңғылындағы қоғамдық орында өзін әдепсіз ұстаған әйел туралы хабарлама түскен.

«Патрульдік полиция қызметкерлері 27 жастағы қала тұрғынын анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Медициналық куәландыру нәтижесінде әйелдің есірткі заттарының әсерінде болғаны анықталды», – деп хабарлады полиция.

Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0