$ 463.41  546.27  6.18

Қазақ жігіті Лондондағы беделді ауданның мэрі болып сайланды (ВИДЕО)

Сайлауға барлығы 2,3 мың адам қатысқан.

Фото: instagram.com/sanabishev
Фото: instagram.com/sanabishev

Қазақстанда туған Санжар Әбішев Лондондағы беделді Сент-Джеймс ауданында мэр болып сайланды. Ол Консервативті партия атынан қатысып, қарсыласынан 350 дауысқа озып жеңіске жетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Сайлауға барлығы 2,3 мың адам қатысқан.

Канат Көпбаев бұл жаңалықты әлеуметтік желіде бөлісіп, Әбішевтің Ұлыбританияда білім алып, еңбек пен тәртіптің арқасында үлкен жетістікке жеткенін атап өтті.

Санжар Әбішев Ұлыбританияда Malvern College колледжін және университетті бітірген. 2016 жылдан бері Blue Swallow Group маркетинг агенттігін басқарады. Сонымен қатар 2015 жылы қайырымдылық ұйымын құрған. 2024 жылы Консервативті партияның Сент-Джеймс округі төрағасы болып сайланған.

Сент-Джеймс — Лондонның ең мәртебелі және тарихи аудандарының бірі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Тегтер:

#Мэр #Лондон