$ 491.88  585.83  6.36

Мүфтият Оразаның кестесін жариялады (ФОТО)

Қазақстанның басқа қалалары бойынша уақыт кестесін мына сілтеме арқылы көре аласыз.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Бұл туралы бүгін елордада Рамазан айына орай өткен Төралқа мәжілісінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мәлім етті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

"Біз Түркі мемлекеттері ұйымына қарасты Мүфтилер алқасы жанындағы Пәтуа кеңесінің және ғылыми зерттеулер нәтижесін ескеріп, ортақ шешім қабылдадық. Алла қаласа, биыл Рамазан айы 19 ақпанда басталады.

Ал наурыз айының 16-нан 17-не қараған түн – қасиетті Қадір түні.

20 наурыз – ораза айт мерекесі", – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Назарларыңызға Астана мен Алматы қаласына арналған кестелерді ұсынамыз. Қазақстанның басқа қалалары бойынша уақыт кестесін мына сілтеме арқылы көре аласыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0