$ 490.58  584.77  6.34

«Олимпиада жүлдегерін «ұрлады» ма?»: Шынәлиевтің арызынан кейін іс қозғалды

Құқық қорғау органдары істің барлық мән-жайын жан-жақты тексеріп жатқанын хабарлады.

Фото: Еркебұлан Шынәлиевтің парақшасынан
Фото: Еркебұлан Шынәлиевтің парақшасынан

Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Еркебұлан Шынәлиевтің арызы негізінде қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев мәлімдеді.

Оның айтуынша, іс «адам ұрлау» бабы бойынша тіркелген. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Прокуратура өкілі оқиғаға қатысы бар күдіктілерді анықтау жұмыстары жүріп жатқанын жеткізді. Сонымен қатар оларды Қазақстанға қайтару мәселесі де қарастырылуда.

Осыған байланысты Түркия Республикасының құзырлы органдарына ресми құқықтық көмек туралы сұрау жолданған. Тергеу барысы бақылауда екені айтылды.

Құқық қорғау органдары істің барлық мән-жайын жан-жақты тексеріп жатқанын хабарлады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0