$ 448.72 € 493.86 ₽ 5.49

«Махаббат, JM»: Әнші Ақбота-Нұр жаңа сүйіктісімен фотосын жариялады (ФОТО)

«Әнші Мирас емес пе екен?».

Фото: Instagram.com/akbotanurabaykyzy/
Фото: Instagram.com/akbotanurabaykyzy/

Әнші әрі актриса Ақбота-Нұр Сейтмағамбет әлеуметтік желіде жариялаған суретімен жұртты қызықтырып қойды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі белгісіз ер азаматпен бірге түскен фотосын жариялап, жазбасына жұмбақ сөз қалдырды.

Ақбота-Нұр Instagram парақшасында ер адаммен түскен суретін бөліскен. Алайда фотода азаматтың бет-әлпеті анық көрінбейді. Әнші оның кім екенін де әзірге айтқан жоқ.

«Махаббат, JM», – деп қысқа ғана жазған ол.

Жазбадағы «JM» әріптері желі қолданушыларының назарын аударды. Оқырмандар арасында бұл әнші Мирас Жүгінісов болуы мүмкін деген болжам айтылып, қызу талқылау басталды.

Желі қолданушылары пікірлерінде түрлі жорамал жасап, өнер иесіне ақ тілектерін білдірді.

«Жүгінісов Мирас деп тұр ма?», «Әнші Мирас емес пе екен?», «Тезірек тауып қойыңдаршы», «Мен білемін, бірақ айтпаймын», «Кім болса да жақсы жігіт болсын», «Бақытты болыңдар», – деп жазды олар.

Әзірге Ақбота-Нұр Сейтмағамбет суреттегі жігіттің кім екенін нақтылаған жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулы 0