$ 464.02  536.18  5.54

«850 мың теңгеге поролон»: Бағым Мұхитдинова Ye концертіндегі VIP-орындарды сынға алды

Оның айтуынша, концерт бүгінге ауыстырылғанымен, өзі бұл күні қаладан ұшып кетеді.

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Музыкалық продюсер Бағым Мұхитдинова Алматыдағы Ye концертінің кейінге шегерілуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, концерт бүгінге ауыстырылғанымен, өзі бұл күні қаладан ұшып кетеді. Ал сатып алынған билеттер қайтарылмайды.

Сондай-ақ продюсер VIP-сектордағы жағдайға шағымданды. Оның сөзінше, құны 850 мың теңге болған орындықтар поролонмен қапталған.

«Концертті тоқтатқаны аздай, кешірім де сұрамады», – деді продюсер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0