$ 465.19  536.55  5.61

«Өткенге өкпем жоқ»: Әнші Жазира Байырбекова әсерлі жазбасымен бөлісті

Ол өмір туралы сөз қозғаған. 

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ

Әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желідегі парақшасында өмір туралы ой-толғамын бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ол өмір туралы сөз қозғаған. 

«Өмірдің қысқа екенін уақыт өте келе түсінеді екенсің… Өміріңе келген әр адам – бір қуаныш, бір мүмкіндік, бір сабақ. Бірі өміріңде ұзақ қалады, бірі өз жолымен кетеді. Бірақ әрқайсысы жүрегіңде бір із қалдырып, сені бүгінгі өзіңе айналдырады.

Сондықтан өткенге өкпелемей, кеткенге ренжімей, келгенге алғыс айтып өмір сүрген қандай әдемі. Осы қысқа ғұмырда ешкімнің ала жібін аттамай, адал еңбегімізбен нәпақамызды тауып, айналамызға жылу сыйлап, елге пайдамыз тиіп жүрсе – одан асқан бақыт жоқ шығар.

Өмірді тым күрделендірмей, әр күннің қадірін біліп, жақсы адамдарды бағалап, жүрекке жақсылық жинап өмір сүрейік. Бәлкім, өмірдің мәні – көп нәрсеге ие болуда емес, бар нәрсеңе шүкір етіп, өзіңнен кейін жақсы із қалдыруда шығар», – деп жазды әнші.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0