$ 465.19  536.55  5.61

«Үйімізге сағаттап жете алмадық»: Мирас пен Құралайдың қызының тойы қаланы шулатты (ВИДЕО)

Тойдан тараған видеолар әлеуметтік желіде қызу талқыланды.

коллаж: Sn.kz
коллаж: Sn.kz

Алматыда танымал жұп Мирас пен Құралайдың қызы Іңкәрдің ұзату тойы сән-салтанатымен өтті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жұлдыздар бас қосқан думанды кештің тізгінін белгілі әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева ұстады. Ал қалыңдықты көпшілік алдына Света Айтбаева шығарып салды. Жазира Байырбекова да тойда өнер көрсетіп, әсем әнін арнады.

Тойдан тараған видеолар әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Кейбір желі қолданушылары мерекелік шараның қаладағы көлік қозғалысына әсер еткенін айтып, наразылығын білдірді.

«Осы той екен ғой жолды жапқан. Халық Аренаға бұрыла алмай 20 минут тұрды, одан кейін Magnum-ға дейін жарты сағат кептелісте болдық», «Тойдан бұрын қарапайым халықты да ойлау керек. Осы тойдың кесірінен үйімізге сағаттап жете алмадық», – деп жазды пікір қалдырушылар.

Дегенмен көпшілік жас жұбайларға ақ тілегін білдіріп, Іңкәрдің жаңа өміріне сәттілік тіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0