$ 469.93  541.64  5.71

«Не үлес қосқан?»: Төреғалидің қарындасы қыз ұзатып сынға қалды (ВИДЕО)

Бұл туралы Дина Төреәлі өзінің әлеуметтік желісінде бөлісті.

коллаж: Sn.kz
коллаж: Sn.kz

Төреғали Төреәлінің қарындасы Дина Төреәлі қыз ұзатты,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Дина Төреәлі өзінің әлеуметтік желісінде бөлісті.

Жазба авторы Динаның Қызылордадағы салонын ашқан кезінен бері өзіне үлкен қолдау көрсетіп келе жатқанын атап өткен. Оның айтуынша, құрбысы жұмысын жауапкершілікпен атқарып, әрдайым жанынан табылған.

«Қызылорда қаласындағы салонымды ашар кезде Алладан дұға етіп сұрағанда маған жіберген шын жанашыр адамы. Жыл сайын бала босанып жатқанымда жандарында жоқтығымды білдірмей, пысықтығымен, адалдығымен, жанашырлығымен, үлкен жауапкершілігімен жұмысты жүргізіп отырған жан.

Апрель айында тұрмыс құратынын естіп, бір жағынан қуансам, екінші жағынан қимастық сезімім басымырақ болды.

«Жасыңыз кіші болса да жолыңыз үлкен. Тұрмысқа шығып, қатарынан бала босанғаныңыз маған да жұғысты болса. Егер мүмкіндік болса, келіп ұзатып берсеңіз өте қуанамын», – деген шын жүрегінен шыққан бір ауыз сөзін жерге тастай алмадым.

Бұндай ұсынысты қабыл алу мен үшін де үлкен мәртебе. Өмірімдегі ең ерекше күн», – деп жазды ол.

Алайда бұл жазба әлеуметтік желіде қызу талқыланып, көпшілік жүргізушінің Дина Төреәліні «Қазақ мәдениетіне сүбелі үлес қосқан» деп таныстырғанына қатысты түрлі пікір білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0