$ 469.93  541.64  5.71

«Дауысымызды ешкім естімейді»: Арман Дүйсеновтің жары бас прокурордан көмек сұрады (ВИДЕО)

Дауға салынған пәтерімізді сот арқылы қайтарып алдық.  

Фото: Әлеуметтік желіден
Фото: Әлеуметтік желіден

Бірер жыл бұрын белгілі композитор Арман Дүйсенов дүние салып, арада бір жыл өткеннен кейін ұлы Абылай Дүйсенов жұмбақ жағдайда қаза тапқан болатын, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Композитордың жұбайы Айсұлу Айданқызы тұңғыш ұлы Абылайдың өз-өзіне қол жұмсағанына сенбейді. Журналист Руслан Өтепбайға сұхбат беріп, бас прокурор Берік Асыловтан көмек сұрады.

«Дауға салынған пәтерімізді сот арқылы қайтарып алдық. Бірақ екінші тарап ол шешіммен келіспей, пәтерді даулап, Жоғарғы сотқа шағым түсірді. Сот отырысы 11 тамызға белгіленген. Пәтердің нүктесі сол кезде қойылады. Қазір менің көмек сұрап отырғаным – ұлымның өліміне қатысты іс. Тергеушілер «Абылай өзіне қол жұмсаған» деп істі жауып тастаған. Ұлыма екі досы қомақты ақша қарыз болған. Олар ол ақшаны қайтарғанбыз дейді. Бірақ қолдарында сол сөздерін растайтын не бір қағаз жоқ. Ұлымның телефонын тергеушілерден алғанда, соңғы екі айдағы жазған хаттары өшіп қалғанын көрдік. Оны кім өшіргенін білмейміз. Біз сарапшыларға қайтадан экспертиза жасаттық. Олар «адам екі қолы артына байланған күйде суицид жасай алмайды» деген қорытынды берді. Сол қорытынды негізінде істі басқа баппен қайта қозғатқымыз келеді. Бірақ менің сөзіме құлақ асып жатқан не тергеуші, не прокурор, не бір бастық жоқ. Даусымызды ешкім естімейді. Сол себепті Берік Асыловтан көмек сұраймын», - деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1