$ 478.77  548.62  5.87

«Шүкір айту ертерек сияқты»: Жұлдыз Әбдікәрімова жан сырын ақтарды (ФОТО)

Өнер иесі қазіргі көңіл күйі, отбасы жағдайы және шығармашылыққа қатысты ойларымен бөліскен.

Фото: @zhuldyzabdukarimovaofficial
Фото: @zhuldyzabdukarimovaofficial

Хитмен әнші Қайрат Нұртастың жары, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова желіде оқырмандарымен сырласып, ерекше жазба жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Өнер иесі қазіргі көңіл күйі, отбасы жағдайы және шығармашылыққа қатысты ойларымен бөліскен.

"Сәуір болды, енді бәрі де тәуір болар. Дәл қазіргі шақтағы көңіл сарайым тамаша. Шүкір. Үйімізден қонақ үзілмей, талай тілек тіленіп, бата беріліп жатыр. Балалар өз болашақтарына әрекет қылып келеді. Рәбия Сұлтанымыз жасына сай дамып, еңбектеп қалды. Ай астындағы жылжып жатқан әдепкі тіршілік үшін тәубе деймін.

Тәубә! Бірақ шүкір айту ертерек сияқты. Олай деуімнің себебі, айнадағы бейнем былай деді: “Өнердегі жасайтын шаруа бастан асатындай сезіледі. Иә, бұған дейін де жасағанымыз бар. Көпшілік үшін көлемі бармақтай болғанымен, өзің үшін салмағы мың батпан еді. Егер бізде шұғылалы нұр демейін, жіптік сәуледей зерде болса, таудай демейін, тобықтай талап болса, бармақтай демейін, тырнақтай бақ болса, ол - бізге сұраусыз берілген сый емес. Несие. Өнер жолында парыз арқалатқан, қоғам алдындағы қарызымыз. Демек, әлі де құнды, мәнді, мазмұнды шығармашылық алдағы уақыт еншісінде!”. Мен айнадағы бейнеммен келіскендей болдым", – деп жазды актриса.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0