Өнер иесі қасиетті сапарды ашық түрде жариялап, кейін бұрынғы өмір салтына қайта оралатындарды мәдениетсіздік пен екіжүзділікке теңеді.
Тележүргізуші Баян Алагөзова Меккеге барып келген кейбір жандардың әрекетін сынға алып, әріптестеріне үндеу жасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі қасиетті сапарды ашық түрде жариялап, кейін бұрынғы өмір салтына қайта оралатындарды мәдениетсіздік пен екіжүзділікке теңеді.
“Жария түрде Меккеге барып, бәрін көрсету — мәдениетсіздік. Ал қайтып келген соң бұрынғы әдетке салынса, бұл — екіжүзділік”, — деді ол.
Сондай-ақ ол қасиетті сапардың мәнін түсініп, жауапкершілікпен қарауға шақырды.
“Егер Меккеге баратын болсаңыздар, Құдайды алдаудың қажеті бар ма — ойланыңыздар. Кейін қайтадан сол баяғы өмірге оралсаңыздар, мұндай көзбояушылықтың керегі жоқ”, — деді Баян Алагөзова.