$ 482.53  555.44  5.92

«Бұларға айыппұл салу аз»: Меруерт Түсіпбаева журналист Жанар Байсемізді қатаң сынға алды

Жекеменшік, өз ютуб каналым, кімді шақырсам да өз еркім дегенді қою керек!

Фото: коллаж Sn.kz
Фото: коллаж Sn.kz

Әнші Меруерт Түсіпбаева белгілі діндардан сұхбат алған Жанар Байсемізді қатаң сынға алды. Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

”Жекеменшік, өз ютуб каналым, кімді шақырсам да өз еркім дегенді қою керек! Екінші әйелімді шәкіртіме ұйлендірдім дегені қалай болды ?! Әйел — зат па? қолжаулық па? Жанар Байсеміз ?! “Женская солидарность “деген , журналист этикасы қайда сонда?! Анау , зат сияқты , қолдан — қолға ауысып жатқан әйелдің тағдыры , сізді, бір сәтке де алаңдатпады ма?! Әлде , рейтинг үшін жан пида ма , осындай сауатсыз есалаңдардың мылжыңын жеке арнаңызға салып , дүйім жұртқа ұсыну қаншалықты дұрыс?! Бұл сұхбаттың қандай тәрбиелік мән- мағынасы бар?! Мұны көрген жастар , осы пендені әжептауір адам қылып , сұхбатқа шақырған сізден қандай үлгі алады ?! Бірінші , екінші деп , саусағын бүгіп әйелдерін санап , екіншісін шәкіртіме бере салдым деп лағып отырған дүмше молдадан қандай пайда бар ?! Дұрыс — ақ, шақырдыңыз ! Бірақ , журналист сұхбат барысында , ӘЙЕЛ — зат па деп текіп тастаса , келіспейтін реакциясын көрсетсе , разы боласың ғой! (Немесе монтаж кезінде кесіп тастаса ! ) “Замандаста” Дәурен Айдарқұлов , көп әйел алу туралы пікірін айтқанда , жүргізушілер қосылып , басып тастады ғой! Келіспейміз, деп! Жанар- әйел ғой, неге анау қолдан — қолға өтіп жатқан әйелге болысып , мынау еркекті текіп тастамады“ Қазаншының еркі бар “- дегенді қою керек ! Оқырманның санын, просмотрды көбейтемін деп , хайп қуған ютуб каналдарға ЦЕНЗУРА қажет! Журналистке де , ұялмай әйелді саудалап отырған қонаққа да , айыппұл салынғаны —— қоғамның , көзі ашық, көкірегі ояу екенін білдіреді ! Соған қуандым !! Айыппұл салу аз !! Қылмыстық іс қозғалу керек !! “Адам саудасы “-бойынша”, — деп жазды әнші.

Естеріңізге салсақ, діндар журналистке берген сұхбатында “екінші әйелімді жас шәкіртіме бердім” деп сұхбат берген еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 3