$ 482.53  555.44  5.92

«Әйелімді шәкіртіме сыйладым»: Сұхбат құрған имам мен журналист жауапқа тартылды (ВИДЕО)

Алматы қаласының ПД тексеріс жүргізіп, мұндай мәлімдемелер Қазақстан заңнамасына қайшы келетінін мәлімдеді.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Екінші әйелін шәкіртіне күйеуге бергенін айтқан имам Құрбанәлі Ахмет айыппұл арқалады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Имам Құрбанәлі журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында екінші әйелін қайын атасы “сыйлағанын” айтқан. Ол екінші әйел алар кезде бәйбішесінің келісімін сұрамағанын жеткізді.

Кейінірек оның екінші жұбайымен арада жанжал туындап, әйел ажырасуды сұраған. Осы кезде Ахмет оған өз шәкірттерінің кез келгенін таңдауды ұсынып, соған тұрмысқа беретінін айтқан. Нәтижесінде, ол өз жарын шәкіртіне сыйға берген. 

Сұхбаттың бұл видео үзіндісі таралғаннан кейін полиция материалды зерделеген.

“Тексеру барысында сұхбат кезінде Қазақстанның заң талаптарына қайшы келетін (мысалы, әйелін өз шәкіртіне беру) мәлімдемелер айтылғаны анықталды. Сонымен қатар бұл пікірлер қоғамдық санаға және конфессияаралық келісімге теріс әсер етуі мүмкін”, – делінген ресми хабарламада.

Нәтижесінде ер адам Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 490-бабы бойынша, діни қызмет саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін айыппұл арқалады. Сонымен қатар оның ресми діни өкіл еместігі анықталды.

Бұдан бөлек, заң бойынша әркім өз сөзіне өзі жауап береді. Алайда құқықбұзушылық белгілері бар материалдарды тарату да заң бұзушылық саналуы мүмкін. Осыған байланысты сұхбат авторы да әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 3