Тележүргізуші бұл туралы өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.
Танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт ресейлік ән бағдарламасына қатысып жатқан әнші Әміре туралы өз ойын білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Тележүргізуші бұл туралы өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.
«Біздің жұлдыздарға мұндай шоуға қатысудың не керегі бар? Ернар мойындалған әнші. Ол вокалда біліктілігі жоғары, мықты маман. Оны бағалау үшін осындай бағдарламаларға қатысудың не керегі бар?!
Біздікілер үшін ішің ашиды екен. Ол өнерін енді, тәй-тәй басып келе жатқан бала емес. Ернардың өз жолы бар суреткер. Біреудің мойындауына зәру емес!», — деді тележүргізуші.