$ 515.02  604.22  6.5

«Тойдың ауылы алыс емес»: Жазира Байырбекова келініне қояр талабын айтты (ВИДЕО)

Жұлдызды жұп Жанболат пен Жазираның жалғыз ұлы - Қазыбек жуырда шаңырақ көтермекші.

Фото: instagram.com/p/CRWWnleF1pX/
Фото: instagram.com/p/CRWWnleF1pX/

Әнші Жазира Байырбекова желідегі парақшасында көптен күткен қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Жұлдызды жұп Жанболат пен Жазираның жалғыз ұлы - Қазыбек жуырда шаңырақ көтермекші.

“Тойдың ауылы жақын. Алла қаласа осы Жылқы жылы деп отырмыз. Келінді “келіндей” көру керек дегендермен онша келісе алмаймын. Мысалы, менің қызым бір үйге барғанда оны қалай  қабылдағанын қаласам, мен де келінімді  солай қабылдағым келеді. Бұл жөнінде де әділдік болу керек деп ойлаймын”,- деді Жазира Байырбекова НТК арнасының «REVUE NEWS» бағдарламасына берген сұхбатында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары