Танымал әнші Ерке Есмахан бала күтушілеріне сыйлық беріп, қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі көмекшілерінің туған күндерімен құттықтады.
“Бүгін Исламоктың бала күтушісінің туған күні. Гүл мен сыйлық алдық. Сосын екеуін бөлмейік деп, Батырдың да күтушісіне гүл мен сыйлық алдық. Екеуіне Cartier-ден бұрын жаңа телефон керек екенін білемін. Сол үшін тосынсый жасадым. Iphone 16-ны көріп, екеуі жылап қалды. Алғаш рет Iphone ұстап тұр. Екеуін жақсы көремін. Ақкөңіл, адал және қанағатшыл адамдар”, – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, әншінің жомарттығын көпке үлгі етті.
“Ерке сыйласа, демек керемет күтушілер екен”, “Ақшам көп болса мен де бала күтушісін жалдар едім”, “Ерке мен Райм ең керемет жандар. Бала бағу қиын жұмыс екенін түсінетін жандар”, “Ерке тағы бала туып жатса, айтыңдаршы”, “Өте керемет жомарт жан”, “Өскенде Еркенің баласын бағамын”, – деп жазды көпшілік.