$ 541.19  636.44  6.49

«Кешірім сұрадым, ойнауға болмайды екен»: Арсен Акиев әйелімен неге ажыраспақ болғанын түсіндірді (ВИДЕО)

Айтуынша, кез-келген отбасыда түсініспеушілік пен кикілжіңдер болады, алайды бұл жолғы жанжал әлеуметтік желіге тарап кеткен.

Әзілкеш Арсен Акиев жары Мереке Қалбаевамен не себепті ажыраспақ болғанын түсіндіріп берді. Бұл туралы ол «Ревю» бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Айтуынша, кез-келген отбасыда түсініспеушілік пен кикілжіңдер болады, алайды бұл жолғы жанжал әлеуметтік желіге тарап кеткен.

«Халыққа шығып кеткен ұрыс болды. Отбасы болғаннан кейін ондай кризистер болып тұрады. Негізі өзара шешетінбіз. Бұл жолы Мереке білмеймін, салып жіберіпті ғой. Кінә екі жақтан болады. «Сен былай жасамайсың, сен бүйтпейсің» деген сияқты. Мен оның алдындағы кінәмді мойындадым, ол да менің алдымдағы кінәмді мойындады. Бірақ мен кешірім сұрадым. Бір рет солай «прогрев» жасаған едік. Осы жолы да хайп үшін деп адамдар ойлап қалған сияқты. Ол кезде оны мен ойлап тапқан едім. Шынымен болады екен, ондаймен ойнауға болмайды екен», — деді әзілкеш.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары