$ 539.38  629.46  6.76

Қазақстандық биші қыздар Дженнифер Лопесті таң қалдырды

Жуырда J.Lo Birthday атты жаңа әнін тыңдарманға ұсынды.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Америкалық әнші Дженнифер Лопес Instagram парақшасында қазақстандық қыздардың биін жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жуырда J.Lo Birthday атты жаңа әнін тыңдарманға ұсынды. Ақтөбеден шыққан бір топ қыз бұл хитке би қойып, видеосын түсіріп, әншінің аккаунтын белгілеген. Нәтижесінде Дженнифер Лопес Instagram-дағы stories арқылы олардың өнерін өз парақшасында бөлісті.

Әлеуметтік желі қолданушылары ақтөбелік бишілердің өнерін жоғары бағалап, жылы пікірлер қалдырды.

Көпшілігі биді Дженнифер Лопестің парақшасынан көргенін ерекше атап өтті.

"J.Lo-ның парақшасынан көргенім қандай керемет, қыздар жарайсыңдар""Сіздер J.Lo-ның парақшасында екендеріңізді білесіздер ме?""Жарайсыңдар, JLo-ның өзі репост жасапты""Бұл Ақтөбе ғой""Міне, мәртебе!" – деп жазды желідегілер.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары