Желі қолданушыларының көп бөлігі өз құттықтауларын жолдаған, алайда сынап жатқандар да жоқ емес.
Танымал әнші Қайрат Нұртас Шымкент қаласынан өзінің жаңа кәсібін ашты, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы продюсер Гүлзира Айдарбекова мәлім етті.
"Күшті жаңалық! 7.08.2025 — есте қалатын күн. Себебі, дәл осы күні @kn_vista_bar салтанатты түрде ашылады.
Бұл — жаңа деңгей, жаңа орын, ерекше атмосфера мен сапалы сервис отауы. Жүректен шыққан үлкен арман енді жүзеге асты.
Құттықтауларыңызды қуана қабылдаймын", - деді ол.
Бұдан бөлек әншінің өзі де сүйінші жаңалығын мейхамхана парақшасында хабарлаған. Желі қолданушыларының көп бөлігі өз құттықтауларын жолдаған, алайда сынап жатқандар да жоқ емес.
"Ақша, ақша деп өлерсіңдер. Тегін ашуға болмай ма", "Кафе, ресторан аша бергенше, балабақша ашыңыздар. Халыққа шамалы да болса пайда тигізіп", "Негізі ресторанды әйелі мен бала-шағасы ашуы керек қой", "Светадан қалмау керек қой", - деді олар.