Осы оқиғаға байланысты Польшада 8 және 9 қараша күндері ұлттық аза тұту күні деп жарияланды.
Польша полициясы Краков қаласының орталығында болған атысқа қатысты жаңа мәлімет жариялады. Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, оқ атқан күдікті ауруханада көз жұмған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
«Қайғылы оқиғаға кінәлі адам бүгін таңертең ауруханада қайтыс болғанын хабарлаймыз», – делінген Малополь воеводствосы полициясының X әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында.
Еске салайық, бұған дейін Польшаның Краков қаласының орталығында атыс болып, салдарынан бірнеше адам қаза тауып, жараланғандар бар екені хабарланған еді.
Осы оқиғаға байланысты Польшада 8 және 9 қараша күндері ұлттық аза тұту күні деп жарияланды.
Кейін полицейлер күдіктінің үйінен бірнеше адамның мәйітін тапқан. Алдын ала мәлімет бойынша, олар күдіктінің жақындары болуы мүмкін.
Краковтағы атыс дерегі бойынша прокуратура «терроризм» бабы аясында қылмыстық іс қозғады.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қайғылы оқиғаға байланысты Польша Президенті Кароль Навроцкийге көңіл айту жеделхатын жолдады.