07.11.2026, 01:30

«Әкем 78-ге келгенде тоқалынан тудым»: Танымал актер отбасылық құпиясын жария етті (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот

Танымал актер Қуандық Қыстақбаев өзінің жеке өмірі туралы бар құпияны ашты. Актер өз отбасы туралы бар құпиясын тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында айтқан, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Әкемнің 78 жасында дүниеге келдім. Таңдайымды көтеріп қояйын, рас айтамын. Екінші әйелінен боламын. Бірінші әйелі он шақты құрсақ көтерген ол кісі де.

Ол кезде медицина нашар, шетінеп, қайтыс бола берген. Сөйтіп бір қызы 5-6 жасқа келгенде, үлкен шешеміз қайтыс болып кетеді. Сосын бір жылдан кейін менің шешемді 16 жасынан алады. 

Сөйтіп ол кісіге 10-12 құрсақ көтертеді, 1972, 1974 жылғы ағам бар. Бәрі тоқалдың баласы шығарсың деп айтады. 88 жасында, мен 10-да болғанда қайтыс болды. Әкем мен шешемнің арасы Әкім Тарази мен Роза Мұқанова апамыз сияқты 34 жас», — деді ол.