$ 439.37 € 498.6 ₽ 5.22

«Қарсыластың әдісіне түсіп қалдым»: Әбиба Әбужақынова өкінішін жеткізді

Қазақстандық дзюдошы Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарының күміс жүлдесін қанағат тұтқан еді.  

Фото: Сали Сабиров
Фото: Сали Сабиров

Финалдық белдесуден соң спортшы Kazinform тілшісіне шағын сұхбат берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы,

Ол финалдық жекпе-жектегі жеңілісі туралы айтқан.

«Финалдық белдесуде жапондық қызға қарсы күресетінімізді білдік. Сол себепті қажетті тактика дайындадық. Партерге дайындық жасадым. Алайда, қанша берілмегеніммен қарсыластың әдісіне түсіп қалдым», – деді ол.

Спортшы жарақаттан кейінгі қалыпқа келуі және алдағы жоспары туралы әңгіме өрбітті.

«Жарысқа жақсы дайындықпен, нық сеніммен келдік. Жарақатыма байланысты операция жасатып, қалыпқа келдім. Содан кейін Азия ойындарында татамиге шығып тұрмын. Енді алдағы күндері Астанадағы әлем чемпионатында жарыс жолына шығамын», – дейді дзюдошы.

Әбиба Әбужақынова қазақстандықтардың қолдауын ерекше сезінгенін жасырмады.

«Сенім артып, мүмкіндік берген бапкерлеріме рақмет! Татамиде тұрып күресуден бапкерлер тарапынан жақсы пікір алдым. Алайда, алдағы уақытта қателіктерді саралап, партерге дайындықты күшейтемін. Астанадағы Әлем чемпионатында жақсы күресуге тырысамын», – деді спортшы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0