$ 439.37 € 498.6 ₽ 5.22

Қазақстан бокс федерациясы Махмұд Сабырханның жеңілісіне келіспейтінін мәлімдеді

Сонымен қатар, федерация бокс турнирінің регламенті бойынша нәтижелер қайта қаралмайтынын атап өтті.

Фото: Olympic.kz
Фото: Olympic.kz

Қазақстан бокс федерациясы Азия ойындарының жартылай финалындағы Наталья Богданова мен Махмұд Сабырханның жеңілісіне қатысты төрешілер шешіміне наразылық білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы Tengri Sport-қа сілтеме жасап.

«Біз қазір наразылық түсірдік, шешіммен келіспейміз. Богданова да, Махмұд та таза жеңді. Төрешілердің шешіміне қатысты наразылығымызды осында, Азия конфедерациясына да, World Boxing ұйымына да білдірдік. Сондықтан шешіммен келіспейміз, ашығын айтқанда, жеңісті тартып алды», - деді ҚБФ атқарушы директоры Рауан Игенев Tengri Sport-қа берген сұхбатында.

Сонымен қатар, федерация бокс турнирінің регламенті бойынша нәтижелер қайта қаралмайтынын атап өтті. Наразылықтың процедуралық маңызы бар және қазақстандықтар қатысатын келесі жекпе-жектерге нақты төрешілерді тағайындау кезінде ескерілуі мүмкін.

Еске сала кетейік, Наталья Богданова (75 кг) жартылай финалда үндістандық Ловлина Боргохайнға 2:3 есебімен жол берді. Ал Махмұд Сабырхан жартылай финалда филиппиндік Карло Пааламнан 2:3 есебімен жеңілді.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0