75 келідегі Наталья Богданова 1/2 финалда Үндістан спортшысы Боргохайнмен айқасты.
Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында бокстан жартылай финалдық жекпе-жектер өтіп жатыр. Әлем чемпионы, қазақстандық Наталья Богданова жарысты қола медальмен аяқтады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Әлем чемпионы, 75 келідегі Наталья Богданова 1/2 финалда Үндістан спортшысы Боргохайнмен айқасты.
Қос боксшы да шаршы алаңның ортасын бермеуге тырысып, үш раунд бойы соққылармен алмасты. Нәтижесінде төрешілер 2:3 есебімен жеңісті қарсыласқа берді.