$ 441.88 € 503.61 ₽ 5.24

«Біз үшін Ясмина – чемпион»: Жеңіл атлетика федерациясы Токсанбаеваға барлық сыйақыны төлейді

Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында Ясмина Тоқсанбаева спорттық жүрістен марафондық қашықтықта өнер көрсетіп, 42,195 шақырымды 3:22:20 уақытта бағындырды.

Фото: Туризм және спорт министрлігі
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Ясмина Тоқсанбаеваға қатысты Жеңіл атлетика федерациясы ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында Ясмина Тоқсанбаева спорттық жүрістен марафондық қашықтықта өнер көрсетіп, 42,195 шақырымды 3:22:20 уақытта бағындырды. Нәтижесінде Азия ойындарында Қазақстан қоржынына алтын жүлде әкелген болатын.

Алайда жарыстан кейін спортшының жарыс жолында пайдаланған аяқ киіміне қатысты наразылық (протест) берілді. Аталған жағдай аясында федерация спортшының құқықтары мен мүддесін қорғауды жалғастырады. Қазіргі уақытта қабылданған шешімге қатысты федерация атынан наразылық білдіріліп, тиісті шағым жіберілді.

World Athletics ұйымының рұқсат етілген аяқ киімдер тізімінде ASICS бренді көрсетілген. Алайда Ясмина жарыста пайдаланған аяқ киімнің нақты моделі аталған тізімде болмаған. Сонымен қатар жарыс басталғанға дейін спортшының аяқ киімі тексеріліп, жарысқа қатысуына рұқсат берілген. Осыған байланысты федерация Ясминаның құқықтары мен мүддесін қорғау жұмысын әрі қарай жалғастырады.

Сонымен бірге Федерация өз жауапкершілігін де жоққа шығармайды. Спортшының сапалы дайындығы мен жарыстағы нәтижесінен бөлек, белгіленген регламенттер мен техникалық талаптарды сақтау, сондай-ақ халықаралық спорт ұйымдарында спортшылардың мүддесін тиімді қорғау да маңызды.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0