$ 441.88 € 503.61 ₽ 5.24

Қазақстан семсерлесуден 24 жылдан кейін Азия ойындарының алтынын жеңіп алды

Финалдық бәсекеде отандастарымыз Оңтүстік Корея құрамасымен кездесіп, тартысты жекпе-жекте жеңіске жетті.

Фото: Olympic.kz
Фото: Olympic.kz

Қазақстан құрамасы семсерлесуден Азия ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қазақстанның семсерлесуден ұлттық құрамасы Аичи-Нагояда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында командалық жарыста алтын медаль жеңіп алды.

Финалдық бәсекеде отандастарымыз Оңтүстік Корея құрамасымен кездесіп, тартысты жекпе-жекте жеңіске жетті.

Қазақстан құрамасының сапында Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай, Кирилл Проходов және Руслан Құрбанов өнер көрсетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0