Жекпе-жек қарсыластың пайдасына аяқталды.
Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында ушудан жартылай финалдық жекпе-жектер өтуде, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
70 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Әлижан Аблағатов финалға шығу жолында ирандық Мохаррами Пирагоммен кездесті. Жекпе-жек қарсыластың пайдасына аяқталды.
Осылайша, Әлижан Аблағатов Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. Бұл - Қазақстанның ушудан Азия ойындарындағы алғашқы медалі.