$ 448.44  514.81  5.33

Қазақстан құрамасы жүзуден жүлдеге бір қадам жетпей қалды

Қытай жарыс жеңімпазы атанды - 3:27.89. 

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

Қазақстан ерлер құрамасы жүзуден Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Отандастарымыз 4х100 метрге кешенді жүзу эстафетасында қашықтықты 3 минут 36 секундта бағындырып, төртінші орынға ие болды. Осылайша ұлттық құрама жүлдеге бір қадам жетпей қалды.

Қытай жарыс жеңімпазы атанды - 3:27.89. Екінші орын Жапонияға бұйырды - 3:28.70. Оңтүстік Корея құрамасы үздік үштікті түйіндеді - 3:31.97.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0