$ 482.32  553.37  5.63

«Тыныштық пен бақыт тілеймін»: Криштиану Роналду Ораза айтпен құттықтады (ФОТО)

Ол әлеуметтік желі арқылы жолдаған құттықтауында баршаға ізгі тілегін білдірді.

Фото: @cristiano
Фото: @cristiano

Әйгілі футболшы Криштиану Роналду мұсылман қауымын Ораза айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ол әлеуметтік желі арқылы жолдаған құттықтауында баршаға ізгі тілегін білдірді.

«Баршаңызды Ораза айт мерекесімен құттықтаймын! Сіздерге отбасыңызбен және жақындарыңызбен бірге ерекше, қуанышты күн тілеймін. Баршаңызға тыныштық пен бақыт тілеймін», – деп жазды танымал спортшы.

Желі қолданушылары Роналдудың бұл құттықтауын жылы қабылдап, алғыс пен қолдау пікірлерін қалдырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0