Синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарының болжамына сәйкес, еліміздің екі өңірінде күн суық болады.
"Қазгидромет" РМК мамандары 2026 жылғы 5 қараша, бейсенбіде Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарының болжамына сәйкес, еліміздің екі өңірінде күн суық болып (-2...-3°С), үсік жүреді деп күтіледі:
"Қазақстанның батыс өңірлеріне солтүстік циклон әсерінен жаңбыр жауады, кей жерлерде нөсер жаңбыр құяды деп күтіледі. Республиканың қалған аумағында антициклонның әсері сақталып, жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Еліміз бойынша белең алатын ортақ табиғи құбылысқа желдің екпін алуы, түнде және таңертең тұманның түсуі жатқызылады", делінген "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінің хабарламасында.
Сонымен қатар, метеорологтардың деректері бойынша, бірқатар өңірлерде әлі де жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады: