$ 482.32  553.37  5.63

Асылхан Асан фристайл-акробатикадан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды

Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитеті мәлім етті. 

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

Фристайл-акробатикадан Қазақстан құрамасының өкілі Асылхан Асан Айролода (Швейцария) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Спортшы жекелей сайыста үздік нәтиже көрсетті.

Финалда Асан төрешілердің шешімімен 103.35 ұпай жинады. Осылайша алтыннан алқа тақты.

Оның командаласы Дінмұхаммед Райымқұлов 92.82 ұпаймен екінші орын алды. Ал үшінші орынды Беларусь өкілі Владислав Вазнюк (92.00) иеленді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0